Біз туралы » Страница 24 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебі ұстаздарын  2022-2023 оқу жылы қарсаңында кеңсе заттарымен қамтамасыз етті
08
қыркүйек
2022
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебі ұстаздарын  2022-2023 оқу жылы қарсаңында кеңсе заттарымен қамтамасыз етті. "Ел болашағы-білімді ұрпақ" демекші, бар күш жігерімізді өскелең ұрпаққа жұмсайық. Осы оқу жылында ұстаздарымызға толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!!!
«Тілім барда-мен бармын» атты он күндіктің  жоспар
05
қыркүйек
2022
«Тілім барда-мен бармын» атты он күндіктің жоспар
Мектебізде Қазақстан республикасының тілдер мерекесі күніне арналған  05.09-16.09.2022 ж. аралығында өтетін «Тілім барда-мен бармын» атты он күндіктің  жоспары құрылып, бүгін ашылу салтанаты мектеп кітапханасында өтті. Мұнда әдістемелік бірлестік жетекшісі Н.Шанетова сөз алып, қатысушылар мен оқушыларды тілдер мерекесімен құттықтап, он күндіктің  жоспарымен таныстырды. Биылғы тілдер мерекесінің ерекшелігі  қазақ қоғамында өзіндік орны бар көп қырлы ғалым, парасат иесі, түркітанушы,  публицист
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНДА
11
шілде
2022
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНДА
Шымкент  қаласы Білім  басқармасына  қарасты №68  жалпы  орта  білім  беретін  мектебінің  2021-2022 оқу жылында «Жылдың үздік  педагогы»  мәртебесін жеңіп алған Алғашқы әскери және техногендік дайындық жетекшісі Иманқұлов Асанбай Тәтішұлына  "Мерке" сауықтыру орталығына тегін жолдама берілген болатын. Қазіргі таңда,  Асанбай Тәтішұлы сауықтыру орталығында  дем алуда.  
Астанамыз Елорда күні құтты болсын!
06
шілде
2022
Астанамыз Елорда күні құтты болсын!
Әлемдегі ең әдемі астаналардың бірі, Қазақстанның Бас қаласы Нұр-Сұлтан - бүгінде еліміздің бойтұмарына айналды, барша қазақстандықтар үшін береке-бірліктің, жасампаздықтың символы болып танылады. Халқымыз үшін Тәуелсіздік  пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры - арайлы астанамыздың мерекесі құтты болып, жер бетіндегі  жалғыз  Отанымыздың көркейіп дами берсін!  Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз Елорда күні құтты болсын!  Елдігіміз еңселі,
Хабарландыру Құрметті ата аналар! 2022 оқу жылы тамыз айында болатын «Мектепке жол»  акциясына құжаттарды қабылдаймыз.
02
шілде
2022
Хабарландыру Құрметті ата аналар! 2022 оқу жылы тамыз айында болатын
Хабарландыру Құрметті ата аналар! 2022 оқу жылы тамыз айында болатын «Мектепке жол»  акциясына құжаттарды қабылдаймыз.      Шымкент қаласы  Білім  басқармасына  қарасты  № 68 жалпы  орта  білім  беретін  мектебінде  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген  мемлекеттік  білім  беру ұйымдарының  мемлекеттік атаулы  әлеуметтік  көмек алуға құқығы  бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН🏆
02
шілде
2022
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН🏆
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің  спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген    2006-2007  ж.т.   жасөспірім  (ер балалар)  командалар    арасындағы  Қазақстан   Республикасының  жазғы   чемпионатында  ІІІ  орын  иегері   №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 "А" сынып оқушысы Бекмуратов Нұрмұхамед ДИПЛОММЕН  марапатталды.
Байланыс және  ақпарат қызметкерлер  күні құтты болсын!
27
маусым
2022
Байланыс және ақпарат қызметкерлер күні құтты болсын!
Байланыс және  ақпарат қызметкерлер  күні  қарсаңында  мектебімізде  әлеуметтік  желі  арқылы  жедел  әрі  шынайы  ақпарат  таратып  мектеп  ұжымын  жедел  жаңалықтарымен  таныстырып, дамуына  өз  үлестерін  қосқаны  үшін  мектебіміздің  мұғалімдері Ералиева Бактыгүл Досымова Мереке Әбдіқалық Жансая  мектеп  директоры Г.А.Пржанованың  Алғыс  хатымен марапатталды.
"Айбын-2022" VIII  Республикалық әскери-патриоттық жиыны.
17
маусым
2022
"Айбын-2022" VIII Республикалық әскери-патриоттық жиыны.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 19-24 маусым аралығында Қарағанды облысының  Спасск елді мекенінде  орналасқан жаттығу алаңында өтетін "Айбын-2022" VIII  Республикалық әскери-патриоттық жиыны өтеді. Жиынға  №68 жалпы орта білім беретін мектебінің әскери патриоттық клубы қатысуда. Клуб мүшелері Шымкент қаласы құрама командасы   құрамасында өз өнерлерін көрсетеді.  СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ! 
"Спорт - жемқорлыққа қарсы" тақырыбында өткен Дзюдо белдесуінен 33-кг салмақ бойынша Қолханат Рамазан I-орын иеленді!
15
маусым
2022
"Спорт - жемқорлыққа қарсы" тақырыбында өткен Дзюдо белдесуінен 33-кг
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінен 6"В" сынып оқушысы: "1-маусым балаларды қорғау күні"-не орай ұйымдастырылған 2010-2011 жылғы ұлдар арасында ұйымдастырылған "Спорт - жемқорлыққа қарсы" тақырыбында өткен Дзюдо белдесуінен 33-кг салмақ бойынша Қолханат Рамазан I-орын иеленді!  Жарайсың, алға Рамазан!
"KIDS KARAOKE CUP - 2022"
14
маусым
2022
"KIDS KARAOKE CUP - 2022"
Балалардың аймақтық вокал бойынша Алматы "KIDS KARAOKE CUP - 2022" конкурсында №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 "В" сынып оқушысы Тұрғанбек Диана І - орын алса, 2 "Ғ" сынып оқушысы Күмісбек Кәусар II - орынды иеленді.