Іс-шаралар » Страница 8 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
“ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
11
ақпан
2025
“ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
     Педагог-психолог Гүлмира Жұмахметова 10”А” сынып оқушыларына өзара қарым - қатынасты реттеу мақсатында “Жағымды қарым-қатынас” тақырыбында тренинг өткізді. Оқушыларға өз мінез-құлықтарын анықтау үшін, жағымсыз мінезден арылу үшін психологиялық әдістемелер жүргізілді. Тренингке оқушылар өз ойларын білдіріп, өзара тату болудың маңызды екенін айтты.
II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "NURLY FEST" КӨПЖАНРЛЫ ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
10
ақпан
2025
II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "NURLY FEST" КӨПЖАНРЛЫ ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
      Түркістан қаласында "NURLY өнер орталығының" ұйымдастыруымен өткізілген II Халықаралық "NURLY FEST" көпжанрлы өнер байқауына қатысқан  №68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Полатбекқызы Еркеназым ерекше дарынымен «Әжем айтқан ертегі» әнімен алға шығып, жүлделі 2-орын иеленіп дипломмен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!!!
"МҰҚАҒАЛИ МӘҢГІЛІК - ҒҰМЫР" АТТЫ ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ
10
ақпан
2025
"МҰҚАҒАЛИ МӘҢГІЛІК - ҒҰМЫР" АТТЫ ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ
    Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.Калмурзаева мен Н.Бейсенбекова Мұқағали ақынды еске алуға арналған «Мұқағали мәңгілік-ғұмыр» атты әдеби-сазды поэзиялық кеш өткізді.      Кештің мақсаты: ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.      Әдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.     Ақынның туған күні қай жерде
"АЛЫПТЫ ҰШЫРҒАН ҰЯ" АТТЫ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
10
ақпан
2025
"АЛЫПТЫ ҰШЫРҒАН ҰЯ" АТТЫ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
      «Оқу және жазу мәдениеті» күніне орай,    қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Шанетова мен кітапханашы Л.Лауланбекова 8-10 сынып оқушыларымен «Алыпты ұшырған ұя» тақырыбында эссе байқауын өткізді.         Мақсаты: ұлтының тілін биіктерге көтерген ұлы тұлғалар есімін мәңгілік есте сақтап, шығармашылық мұраларын өскелең ұрпақ жадында қалдыру.          
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛДІ
07
ақпан
2025
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛДІ
     "АБАЙДЫ БІРГЕ ОҚИМЫЗ" жобасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.С.Бегимбетова 5-8 сынып оқушыларымен қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ақын, ұстаз, философ, сазгер, аудармашы Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне челлендж өткізді.      Мақсаты: ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау, білімге үйрету, сөздік қорларын молайту, патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу, азаматтық белсенділігін арттыру.
"ЕРЛІК - ҰРПАҚ ҰРАНЫ" АТТЫ ӘСКЕРИ -  ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
07
ақпан
2025
"ЕРЛІК - ҰРПАҚ ҰРАНЫ" АТТЫ ӘСКЕРИ - ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
 Тәжік - ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында, Шымкент қаласының Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ерлік - ұрпақ ұраны»  тақырыбында әскери - патриоттық сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан №68  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары жүлделі I-ОРЫН иеленіп КУБОКпен марапатталса, жетекшісі Иманқұлов Асанбай Тәтішұлы белсенділік танытқаны үшін дипломмен марапатталды. ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! 
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
07
ақпан
2025
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 8"Д"сынып жетекшісі Өмірбаева Айгул   Абдуллақызы оқушыларымен Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" атты шығармасын оқып, өзара талдады.       Мақсаты: оқушыларға білім алудың  маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, еңбекқорлық, төзімділік, сабырлық қасиеттері туралы түсінік беріп,  білімді болуға, табандылыққа, еңбекқорлыққа, төзімділікке, қанағатшылдыққа  тәрбиелеу.
"ЫНТЫМАҚТЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС" АТТЫ ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
06
ақпан
2025
"ЫНТЫМАҚТЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС" АТТЫ ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
                                "ЫНТЫМАҚТЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС" АТТЫ ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ       Мектебіміздің педагог-психологтары Р.Е.Ашықбаева мен М.К.Тасболатовалар 5"А" сынып оқушыларына "Ынтымақты қарым - қатынас" тақырыбында тренинг жүргізді.        Мақсаты: қарым - қатынас үдерісінің маңыздылығы мен кері байланысқа түсуде ақпараттардың түрленуін түсіндіру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру,  айналадағы ортамен үйлесімді қарым - қатынас шеңберін жасау, мәдени сөйлей білуді, жағымды қарым -
«ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ» АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
05
ақпан
2025
«ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ» АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
                                      «ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ» АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ      "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 4"Д" сынып жетекшісі Л.Абенова оқушыларына "Қауіпсіз Интернет" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.       Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі блоктармен таныстыру. Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. 
"ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ - ОРТАҢ ТҮЗЕЛЕДІ, ОРТАҢ ТҮЗЕЛСЕ - ҚОҒАМ ТҮЗЕЛЕДІ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
04
ақпан
2025
"ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ - ОРТАҢ ТҮЗЕЛЕДІ, ОРТАҢ ТҮЗЕЛСЕ - ҚОҒАМ ТҮЗЕЛЕДІ" АТТЫ
                "ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ - ОРТАҢ ТҮЗЕЛЕДІ, ОРТАҢ ТҮЗЕЛСЕ - ҚОҒАМ ТҮЗЕЛЕДІ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ          Мектеп психологы Гүлмира Жұмахметова 10-сынып оқушыларының ер балаларына «Өзіңді түзе - ортаң түзеледі, ортаң түзелсе - қоғам түзеледі» тақырыбында тренинг өткізді.       Мақсаты: оқушылардың өздерін толық тани білуге, мінез - құлқының жағымды - жағымсыз тұсын білуге, өмірде өз орынын дұрыс табуға кеңес беру.      Тренинг барысында оқушыларға "Менің мінезімдегі кемшілікті анықтау"