Іс-шаралар » Страница 38 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР"
18
қараша
2022
"ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР"
   20 қараша - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ" атты Республикалық онкүндік аясында, «ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР» тақырыбында 5-8 сынып оқушыларының арасында шығармашылық көрме ұйымдастырылды. 
"БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ" АПТАЛЫҒЫ
18
қараша
2022
"БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ" АПТАЛЫҒЫ
"Бала құқығы - адам құқығы" апталығы аясында қазақ тілі пәні мұғалімі Н.Шанетованың ұйымдастыруымен 10«Б» сыныбында "Менің құқығым!" тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды. Эссе жазудағы мақсат, оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.
"ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ—МӘНШҮК"
17
қараша
2022
"ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ—МӘНШҮК"
 "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханасында, Мәншүк Маметованың 100 жылдығына орай, «Қазақ даласының қайсар қызы— Мәншүк» библиографиялық шолу іс-шарасын кітапханашылар Х.Қуашбаева, Л.Лауланбекова және 8"б" сынып жетекшісі Г.Саугановалар ұйымдастырып өткізді. Оқушылар Кеңес Одағының батыр қызы Мәншук Маметованың өмірбаянымен танысып, батыр қыздың ерлігін еске ала отырып, ерлік туралы өлең тақпақтар айтып, өздерінің оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті.
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
17
қараша
2022
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхана активтері, 9«Г» сынып оқушылары Сейдуалы Жібек және Төребек Алтынай 4«В» сынып оқушыларымен «Тіл мен маймыл» ертегісін оқып талқылады. Оқушылар ертегіні оқып, кейіпкерлерді сомдай отырып, дауыс ырғағын салып ертегі туралы өз ойларын ортаға салды.
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ!" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
17
қараша
2022
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ!" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
     Мектеп директоры Г.А.Пржанова және мектеп психологтары Г.Жұмахметова, Г.Сахидқызы мектебімізге жаңадан келген оқушылармен “Біз, бәріміз доспыз!” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.Тренингті өткізудегі мақсат: жаңадан келген оқушылардың мектепке, сыныбына тез бейімделіп , барлық сыныптастарымен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, достықты бағалай білуге үйрету.
15-қараша Ұлттық валюта күніне орай,  Тәрбие сағаты өткізілді
17
қараша
2022
15-қараша Ұлттық валюта күніне орай, Тәрбие сағаты өткізілді
15-қараша Ұлттық валюта күніне орай 2 «В» сынып жетекшісі М.Қилыбаева тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен оқушыларды таныстыра отырып, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
"ЖАУАПТЫ АДАМ БОЛУ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
16
қараша
2022
"ЖАУАПТЫ АДАМ БОЛУ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
    Мектеп директоры Г.А.Пржанова 11-сынып оқушыларымен «Жауапты адам болу» тақырыбында тренинг сабақ өтті. Тренинг өткізудегі мақсат, оқушылардың қоғам алдындағы өзіне жүктелген жауапкершілікті орындауын, ісінің сәтті болуы, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болуын түсіндіру.
«Қыз Жібек» клубының тренингі өткізілді
16
қараша
2022
«Қыз Жібек» клубының тренингі өткізілді
    «Қыз Жібек» клубының төрайымы М.Қосыбаева және мүшелері 6,7,9 әскери сынып қыздарымен тренинг өткізді. Тренинг өткізудегі мақсат қазіргі таңда өмірдің үнемі өзгеріп, қоғамның үздіксіз дамып отырған шағында ақыл-ойы озық, білімі мен біліктілігі жоғары, ұлттық рухы күшті жастарды тәрбиелеу.
"СЕН ЕРЕКШЕ ТҰЛҒАСЫҢ" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
16
қараша
2022
"СЕН ЕРЕКШЕ ТҰЛҒАСЫҢ" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
    Мектеп директоры Г.А.Пржанова мен мектеп психологы Г.Жұмахметова ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен “Сен ерекше тұлғасың” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: ерекше білімді қажет ететін оқушыларға өз мүмкіндіктері  туралы түсіндіріп, қоғамда өз орнын таба білуге көмектесу. Сонымен қатар, барлық адаммен жақсы қарым-қатынаста болып, қолынан келетін қамқорлықты жасау қажет екенін түсіндіру. Тренинг барысында оқушылар “Мен және менің қасиетім” әдістемесінде
"ТЕҢГЕ ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
16
қараша
2022
"ТЕҢГЕ ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
  Бастауыш сынып мұғалімі Б.Сманова 4«Г» сынып оқушыларымен "Теңге ұлт мақтанышы" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі төл теңгеміздің шығу тарихы туралы баяндап, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар берді.