Іс-шаралар » Страница 23 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ТІЛІМ МЕНІҢ — МАҚТАНЫШЫМ"
06
қыркүйек
2023
"ТІЛІМ МЕНІҢ — МАҚТАНЫШЫМ"
      Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі күніне арналған  «Тілім менің - мақтанышым» атты айлық жоспары аясында, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н.Шанетова, С.Бегімбетовалар Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 151 жыл толу мерейтойына орай «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында 10-11-сынып оқушылары арасында эссе жазуды ұйымдастырды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін ұлтсыздандырудың сұрапыл дауылына ерте бастан дайындап, артында өшпес із қалдырғаны үшін әр қазақтың көңілінде аяулы есім
"ТІЛІМ МЕНІҢ — МАҚТАНЫШЫМ!"
05
қыркүйек
2023
"ТІЛІМ МЕНІҢ — МАҚТАНЫШЫМ!"
      Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы жылдық жоспар негізінде гуманитарлық пәндер педагогтер мен оқушылар арасында  №68 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тілдер мерекесіне» орай Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Тілім менің-мақтанышым!» тақырыбында айлық іс-шараның ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау,
"МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ"
02
қыркүйек
2023
"МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ"
       Мектебімізде 1 - қыркүйек білім күніне арналған «Мектебім - мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға Еңбекші ауданы аппаратының бас маманы Атаев Жақсылық Төреханұлы, Еңбекші ауданы "Аманат" партиясының "Береке" бастауыш партия ұйымының төрайымы, Еңбекші аудандық партиялық бақылауының төрайымы Сәбитова Әлия Әліханқызы, ардагер ұстазымыз Ахмет мұғалім, "Ұстаз жолы" журналының редакторы Ұлжан Миятқызы, ата-аналар комитетінің төрайымы Қатира Аманбаева, ауыл биі Мақсат
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
29
тамыз
2023
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
       «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Береке» партия ұйымымен бірлескен Конституция күніне орай, №68 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері мен оқушылары арасында өзара байланысты нығайта түсу үшін және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа барлық бірлестік мұғалімдері белсене қатысты. Қазақстан Республикасының Ата Заңы біздің еліміздің дамуына жол ашып, жаңа тәуелсіз мемлекет буынының бекуіне себеп болды. Біздің
10 тамыз – Абай күні
10
тамыз
2023
10 тамыз – Абай күні
      10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бастап Қазақстанда мереке ретінде аталып өтілуде. Қазақ халқының ұлы ақыны өзінің әдеби және музыкалық шығармаларында, ойы терең және тілі өткір Қара сөздерінде еңбек пен білімге, рухани дамуға және сананы жаңғыртуға шақырған. Абайдың гуманистік және ағартушылық мұраттарға ие прогрессивті көзқарастары бүгінде аса өзекті. «Тек ақыл, ғылым, ерік, ар-ұждан
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР! Бүгін – «Абай күні».  10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні.
10
тамыз
2023
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР! Бүгін – «Абай күні». 10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады», – деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді. Расында ұлы ақын өз шығармаларында насихаттаған еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық, ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – бүгінгі күні алға қойған міндеттердің бірі. Хакім Абай айтқан ізгі құндылықтар
"СЕН ДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ, КЕТІГІН ТАП ТА БАР ҚАЛАН"
22
маусым
2023
"СЕН ДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ, КЕТІГІН ТАП ТА БАР ҚАЛАН"
        Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде "Қош бол ұстаз, алтын ұя мектебім!" атты дәстүрлі түлектерімізге аттестат тапсыру рәсімі өткізілді. Биылғы оқу жылында 11 сынып оқушыларынан 71 түлек мектеп қабырғасынан ұшқалы тұр. Олардың қатарында 1 оқушы "Алтын белгі" иегері атанса, 7 оқушы "Үздік аттестатпен" марапатталды. "ТҮЛЕК—2023—Қазақстанның ертеңі" ұранымен ұйымдастырылған іс шарада мектеп директоры Г.А.Пржанова үлкен өмірге қанат қаққан
“Зейінді бала” тақырыбында тренинг өткізілді
16
маусым
2023
“Зейінді бала” тақырыбында тренинг өткізілді
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде жазғы сауықтыру лагері оқушыларына мектеп психологы Г.Жұмахметова “Зейінді бала” тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты, балалардың танымдық процестерін дамытып, лагерді қызықты және көңілді өткізуге ат салысу. Оқушылар тренинг барысында ойындарға белсенді қатысып, жаттығуларды қызығушылықпен орындады.
«Шабыт» дебат клубының жас буын дебатшыларымен бірге «Онлайн және офлайн оқудың тиімді және тиімсіз тұстары» тақырыбында пікірсайыс өткізді
15
маусым
2023
«Шабыт» дебат клубының жас буын дебатшыларымен бірге «Онлайн және
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің  «Балдәурен» жазғы лагеріндегі оқушылар «Шабыт» дебат клубының жас буын дебатшыларымен бірге «Онлайн және офлайн оқудың тиімді және тиімсіз тұстары» тақырыбында пікірсайыс өткізді. Сайыс барысында оқушылар өз ойларын анық айтып, білімдерін көрсете білді. Мақсаты: белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу,
«Шахмат - ақыл ой спорты» тақырыбында байқау өткізілді
15
маусым
2023
«Шахмат - ақыл ой спорты» тақырыбында байқау өткізілді
Шымкент қаласы білім басқармасына қарсты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде жазғы сауықтыру лагеріндегі оқушылар арасында «Шахмат - ақыл ой спорты» тақырыбында байқау өткізілді. Байқау барысында оқушылар жинақылықты, ұқыптылықты, тез шешім қабылдауды, тапқырлықты көрсете білді. Мақсаты, бала бойындағы шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру.