"Золушка"
Орыс тілі бірлестігінің пән мұғалімдері Т.О.Абдрашова, А.К.Мамытова, Р.О.Карибозова, М.А.Косибаевалар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, 6-7 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар "Золушка" ертегісінің кейіпкерлерін сахнада ойнады. Мақсаты, ертегідегі кейіпкерлердің бойындағы жақсы қасиеттерді оқушылардың бойына сіңіре отырып, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.