14
сәуір
2023
“ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТ” ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Мектебімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбында 1-8 сыныптың сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізді. Шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдай орын алған уақытта қауіпсіздік шараларын жасау керектігі ескертілді. Оқушыларға өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек және қандай шаралар қолдану керек екенін түсіндіріліп, үнемі есте сақтау керектігін жеткізді.






























