18
қазан
2022
"ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ" АПТАЛЫҒЫ
"Оқушыларды ББЖМ-ге дайындауда химия-биологияның рөлі" атты химия-биология бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес, биология пәнінің мұғалімі А.Е.Тюльтебаева 9«Б» сыныбында «Жасушалық биология (жасушаның компоненттері)", "Қоректену типтері" мен "Экология және биосфера" бөлімі бойынша ашық сабақ өтті. Негізгі мақсаты: Оқушыларды ББЖМ-ға дайындауда өтілген тақырыптарды қортындылап, есте сақтау. Мұғалім сабақ барысында түрлі әдіс тәсілдерді атап айтсақ word wall платформасын пайдаланып, контекстті талдап, талдау барысында бірнеше зертханалық тәжірбиелер көрсетті. Мұғалім жасуша компоненттерін түсіндіре отырып, сабақтың тәрбиелік мәніне көңіл бөліп, өмірмен байланыстырды.