"ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС"
29
сәуір
2022

"ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС"

№68 ЖОББМ  28.04.2022ж.  күні Ұлы жеңістің 77 жылдығына орай "Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!" тақырыбында 7-9 сыныптар арасында дебат турнирі өтілді. 
Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.
Турнирге 12 фракция қатысып, финалға 2 фракция шықты. Атап айтатын болсақ,  "Болашақ" тобы(Парламент)  лидер 7 "Г" сынып оқушысы Рахымбердиева Аяна және спикер 7 "Б" сынып оқушысы Аманбай Мерей турнир жеңімпаздары атанды!! Оппозиция тобының мүшелері 8 "Ә" сынып оқушылары Бердалы Тұрсынайға (лидер)және Оңласын Аяулымға (спикер) алдағы ойындарда жеңіс тілейміз!!!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив