04
ақпан
2025
"ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ - ОРТАҢ ТҮЗЕЛЕДІ, ОРТАҢ ТҮЗЕЛСЕ - ҚОҒАМ ТҮЗЕЛЕДІ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Мектеп психологы Гүлмира Жұмахметова 10-сынып оқушыларының ер балаларына «Өзіңді түзе - ортаң түзеледі, ортаң түзелсе - қоғам түзеледі» тақырыбында тренинг өткізді.
Мақсаты: оқушылардың өздерін толық тани білуге, мінез - құлқының жағымды - жағымсыз тұсын білуге, өмірде өз орынын дұрыс табуға кеңес беру.
Тренинг барысында оқушыларға "Менің мінезімдегі кемшілікті анықтау" бейнеролигі қойылып, мінез - құлықтарына сипаттама берілді. Келесі "Жауапкершілік" дегенді қалай түсінесіз? сұрағына оқушылар өз ойларын ашық айтып шықты. Содан соң, «Қимыл- қозғалыс арқылы жауап беру» тапсырмасын оқушылар өте көңілді орындады. Сергіту сәті ретінде зейінділікті, жылдамдықты дамыту үшін "Жылдамдық" ойыны ойнатылды. Кері байланыс жасауда оқушылар тренингтен алған жағымды әсерлерімен бөлісті.