20
наурыз
2024
“АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай мектебімізде «Армысың, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушылар қазақтың салт дәстүрін дәріптеу мақсатында, өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі.
Наурыз - көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесі қазақтың жыл санауында жылдың басы, жаңа жыл мерекесі болып есептеледі. Өйткені, жер-ананың қайта түлеп, жер жүзінің жаңаратын кезі, қар еріп, ағаштар бүршік атып, бәйшешек шығып, төрт түлік мал төлдеп, ағарғанның көбейіп, дастарханның асқа толатын уақыты. Сондықтан да, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»- деп бекер айтпаса керек. Құрметті қазақ елі, Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын! Ырысты, берекелі жыл болсын!