02
ақпан
2024
"ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ — АЙБЫНДЫ ЖАСТАР"
ҚР Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық департаменті, ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің өкілдері "ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ — АЙБЫНДЫ ЖАСТАР" тақырыбында ЕРЛІК САБАҒЫН өткізді.
«Егемен елдің ертеңі — айбынды жастар» бағдарламасы аясында №68 жалпы орта білім беретін мектебіне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі – подполковник - Бейсеков Дәулет Нариманұлы, ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің өкілі – майор Сыздықов Сәбит Серікбайұлы, «Жас Сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы - Меңдіғалиев Мейірбек Оразұлы, «Жас Сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қозғалысының баспасөз хатшысы Ержанова Еңлік Ержанқызы келіп, «Жас Сарбаз» әскери сыныптарымен танысып, ЕРЛІК САБАҒЫН өткізді. Сонымен бірге, мектеп қабырғасында ашылған "Жас сарбаз— ұлы дала ұланы" мұражайын, әскери оқу-жаттығу бөлмелерін аралап, робототехника үйірмесіндегі жасөспірімдердің жұмыстарын тамашалап, оқушылармен әңгіме-сұхбат жүргізді. Ерлік сабағы әскери сынып оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.
"Жас сарбаз" Республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Меңдіғалиев Мейірбек Оразұлы мектебімізде жүргізіліп жатқан "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының жұмыстарына тәнті болғанын жасыра алмады. Ризашылығын білдіріп, мектеп әкімшілігіне алғысын айтты.