07
қазан
2024
«ЖҚЕ негізгі түсініктері мен терминдері»
Мектебімізде бастауыш сыныптары арасында жол қауіпсіздігі бойынша «ЖҚЕ негізгі түсініктері мен терминдері» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында сынып жетекшілері білім алушыларға жол қозғалысы ережелерін үйрете отырып, мектептер мен балабақшаларға жақын жерлерде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында және аулаларда жүрген кезде өте мұқият болу керектігін ескертті. Мақсаты: жол қауіпсіздігі бойынша жолда жүру ережесін сақтау, жаяу жүргіншілердің жолда жүру қауіпсіздігін арттыру және жол белгілерімен таныстырыру.












