«ҒАРЫШҚА ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР»
12 сәуір – адам баласының ғарышқа алғаш рет ұшқан күні. Биыл бұл айтулы датаға 61 жыл толуына орай мектебіміздің кітапханашысы Л.Лауланбекова 4«В» сынып оқушыларымен «Ғарышқа қанат қаққандар» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға ғарыш әлемі, ғарышкерлер туралы өмірбаяндарымен таныстыру. Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, білімге, ғылымға ұмтылдыру. Байқоңыр ғарыш аймағы туралы танымдарын кеңейту.