05
сәуір
2023
"БЕЙБАРЫС СҰЛТАННЫҢ ЕРЛІГІ"
Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің тарих бiрлестiгi мұғалiмдерiнің ұйымдастыруымен «Бейбарыс Сұлтанның ерлігі» тақырыбында іс-шара жүргізілді. Мақсаты: оқушыларды Сұлтан Бейбарыстың өмірдерегімен таныстыру арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыру. Сұлтан Бейбарыстың өмірі туралы бейнефильм көрсетіліп, оқушылар жан-жақты деректермен танысты. Сұлтан Бейбарыстың құлдықтан әмірлікке дейінгі көтерілген қажырлы еңбегін, мақсат жолындағы табандылығы оқушыларға үлгі етілді.







