15
мамыр
2025
"Салауатты өмір салтын бізбен баста"
2025 жылдың 14-мамыр күні "Салауатты өмір салтын бізбен баста" атты "26-маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес" күніне арналған іс-шаралар жоспары бойынша 68 ЖОББМ химия-биология және дене шынықтыру бірлестіктері бірлесе отырып, спорттық іс-шара өткізілді.
Мақсаты:
балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және отбасылық құндылықтарды нығайту.
Іс-шараға мектебіміздің танымал спортшылары қатысып, өз үлгісімен жастарға мотивация сыйлады. Шара аясында әртүрлі спорт түрлері бойынша жарыстар, отбасылық эстафеталар, қызықты ойындар өтті. Қатысушылар шынайы эмоция, достық қарым-қатынас пен сергектік алды.
Мұндай шаралар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, өскелең ұрпақты бірлікке, мықты рух пен денсаулыққа тәрбиелейді.
Спортпен өмір жарқын!