Жас ақындардың шығармашылық кеші өткізілді 30.04.2025 ж. №68 ЖОББМ орта мектебінде поэзия кеші өтті » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас ақындардың шығармашылық кеші өткізілді 30.04.2025 ж. №68 ЖОББМ орта мектебінде поэзия кеші өтті
02
мамыр
2025

Жас ақындардың шығармашылық кеші өткізілді 30.04.2025 ж. №68 ЖОББМ орта мектебінде поэзия кеші өтті

   Бүгін №68 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру аясында, «Шабыт» жобасы негізінде «Сыйынар ем – ана деген тәңірге» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
Шараны «Шабыт» шығармашылық тобының мүшесі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырбекқызы Ғалия өткізді. Поэзия кешіне 4–7 сынып оқушылары қатысып, жас ақындар өз жүректерінен шыққан шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың бойына ананы құрметтеу, мейірімділік, ізеттілік, адамгершілік сияқты құндылықтарды сіңіру, анаға деген шексіз сүйіспеншілікті поэзия тілімен жеткізу, сонымен қатар көркем сөйлеу мәдениетін дамыту.
 Шара барысында оқушылардың өз туындылары тыңдалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив