24
сәуір
2025
ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ!
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 23 сәуірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ!» тақырыбында тәрбиелік маңызы зор сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру, қоршаған ортаның байлығын тануға, оны сақтауға баулу. Сонымен қатар, оқушыларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, экологиялық мәдениетті бойларына сіңіруге және туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу көзделді.
Сынып сағаты барысында оқушылар табиғат тақырыбында өлеңдер оқып, экологиялық мәселелер жайлы ой бөлісті. Қоршаған ортаны қорғау жолдары туралы бейнеролик көрсетіліп, экологиялық қауіпсіздік туралы танымдық ақпараттар ұсынылды. Сондай-ақ оқушылар «табиғат – тіршілік көзі» ұғымының мәнін ашып, өз пікірлерін ортаға салды.
Сынып сағаты келесі мақсаттарды қамтыды:
* Табиғаттың адам өміріндегі мәнін түсіндіру, оның байлығын бағалауға бағыттау;
* Қоршаған ортаны сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу;
* Табиғатқа жанашырлықпен қарап, оны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
* Оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту.
Шара соңында оқушылар табиғатқа қамқор болудың әр азаматтың міндеті екенін айтып, өздерінің табиғатты қорғауға үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді. Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың экологиялық санасын арттырып, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.