10
сәуір
2025
“Педагогикалық Психологиялық Қолдау орталығы” мамандарымен бірге ұйымдастырылған ата-аналарға арналған “Ашық есік” күні өтті
10.04.2025ж күні №68 жалпы орта білім беретін мектебінде “Педагогикалық Психологиялық Қолдау орталығы” мамандарымен бірге ұйымдастырылған ата-аналарға арналған “Ашық есік” күні өтті. Мақсаты: білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтауға және нығайтуға бағыттау. “Педагогикалық психологиялық қолдау орталығы”маманы Пралиева Балнұр 8 “Г” сынып оқушыларымен “Ашулы шарлар” және “Өрмекші торы”атты психологиялық тренинг жүргізді, содан соң мектеп мәжіліс залында ата-аналарға "Педагогикалық Психологиялық қолдау орталығының" қызметі мен көрсетілетін көмек түрлерімен таныстырып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сенім телефондарын қалдырып, 24/7 уақытта жұмыс жасайтындарын, кез-келген жағдайда хабарласып тегін кеңес ала алатындарын мәлімдеді. Ата-аналар мен оқушылар тренингте белсенділік танытты. Сонымен қатар, Балнұр Пралиеваға өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
