03
сәуір
2025
"Педагогтың басты міндеттерінің бірі Әдепті Педагог болу"
№68 жалпы орта білім беретінде мектебінде Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А. Айманов "Педагогтың басты міндеттерінің бірі Әдепті Педагог болу" тақырыбында баяндама жасады. Онда педагогтың жалпы міндеті, әдебі, әлеуметтік желідегі педагог әдебі, педагог жауапкершілігі, әкімшілік құқық бұзушылық орын алған жағдайдағы ҚР Кодексі бойынша 409 баппен жұмыс жасау туралы жаднамалармен таныстырды.
Білім беру ұйымдарында, қоғамда және әлеуметтік желілерде педагогтың әдеп нормаларын сақтау маңыздылығы – ұстаздардың кәсіби беделі мен оқушыларға оң ықпал етудің негізгі көрсеткіші. Сол себепті Кеңес барысында педагогтардың әдеп қағидалары, олардың қоғамдағы және әлеуметтік желідегі рөлі, оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен қарым-қатынас этикасы талқыланды. Сонымен қатар, кәсіби әдепті сақтау арқылы білім беру сапасын арттыру және ұстаз беделін нығайту жолдары қарастырылды.
Кеңес ұстаздарымызға өзара тәжірибе алмасуға, пікір бөлісуге және өз қызметінде этикалық ұстанымдарды одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар білім беру саласының дамуына және ұрпақ тәрбиесіне оң әсер ететініне сенімдіміз!