25
ақпан
2025
"ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
7 "Д" сынып жетекшісі Серкебаева Назгул Ералиевна оқушыларымен "Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында оқушылар құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік ұғымдарымен танысып, заңдар мен моральдық нормаларды сақтаудың қоғамдағы маңыздылығын талқылады. Нәтижесінде оқушылар ережелерді сақтау мен саналы мінез-құлық қауіпсіз әрі әділетті қоғамның негізі екенін ұғынды.




