Материалы за Наурыз 2025 года » Страница 4 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2025 года » Страница 4
🌸 "КӨКТЕМ АРУЫ – 2025" БАЙҚАУЫ 🌸
15
наурыз
2025
🌸 "КӨКТЕМ АРУЫ – 2025" БАЙҚАУЫ 🌸
    Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 7-сынып оқушылары арасында "Көктем аруы – 2025" байқауы өткізілді.      Мақсаты: қыз баланың сұлулығын, зеректігін, өнерін дәріптеу. Мәдени және ұлттық құндылықтарды насихаттау,  қазақтың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын көрсету арқылы ұлттық рухты көтеру.
ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
14
наурыз
2025
ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
      Бүгін – ұлттық киім күні. Наурызнамада белгіленген атаулы күнге орай, №68 жалпы орта білім беретін мектебінде ұлттық киім кию әдебі өтті. Айтулы күнге мектебімізден білім педагогтарынан бастап, оқушылармен бірге айрықша үн қосып жатыр. Ұлттық киім – құндылықты дәріптеудің озық үлгісіне айналғандай.  Ұлттық киім күніне орай, барлық сынып оқушылары этностильді кию ұйымдастырылды.
"ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ"
14
наурыз
2025
"ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ"
     10 "А"  сынып жетекшісі Г.Сагинбекова "Қауіпсіз қоғам" атты қауіпсіздік сағатын өткізді. Мақсаты:  ✔️Оқушыларға қауіпсіз қоғам құрудың маңыздылығын түсіндіру; ✔️Қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы білімдерін арттыру; ✔️Оқушыларды жауапкершілікке, тәртіпке, өзгелердің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға тәрбиелеу.
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
14
наурыз
2025
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7"Д" сынып жетекшісі Серкебаева Назгул  оқушыларымен детектив жанрының әлемге әйгілі өкілдерінің бірі Жорж Сименонның "Менің досым Мегрэ. Коронердің қонағы" шығармасын оқу арқылы талдау жасады.     Мақсаты: оқушыларды балаларға арналған шетел шығармаларымен таныстыру және қызықтыру.
"АЛҒЫС - ІЗГІ НИЕТ"
14
наурыз
2025
"АЛҒЫС - ІЗГІ НИЕТ"
   Мектебіміздің 8«В», 7«Б», 6«Г» сыныптары «Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.     Мақсаты: білім алушылардың сыйластық құндылықтарын, ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға алғыс айту мәдениеті, оның маңыздылығы мен жастардың өмірінде алғыс пен сыйластықтың рөлін түсіндіру. 
"АБАЙ ЖӘНЕ МЕН" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
13
наурыз
2025
"АБАЙ ЖӘНЕ МЕН" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
     Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Елгондиева 7«Г» сынып оқушыларымен «АБАЙ ЖӘНЕ МЕН» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.      Мақсаты: қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармаларын зерттеу, оның ой-толғамдары мен өмірлік ұстанымдарын тереңірек ұғындыру. Абайдың адамгершілік, білім, еңбек және әділдік туралы ойларын талдай отырып, оқушылардың жеке тұлға болып дамуына ықпал ету.
14 НАУРЫЗ КӨРІСУ (АМАЛ МЕРЕКЕСІ) КҮНІ
13
наурыз
2025
14 НАУРЫЗ КӨРІСУ (АМАЛ МЕРЕКЕСІ) КҮНІ
     2025 жылдың 13 наурыз күні "Аманат" партиясы Еңбекші аудандық филиалының "Береке" Бастауыш партия ұйымының  ұйымдастыруымен Азат елдімекенінің тұрғындары және ұстаздарының  арасында көрісу күні (амал мерекесі) өткізілді. Көрісу күнінде ауыл тұрғындары мен ұстаздары салт-дәстүрге сай ұлттық киімдерін киіп, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, тілек тіледі.
КӘСІПТІК БАҒДАР
13
наурыз
2025
КӘСІПТІК БАҒДАР
     2024-2025 оқу жылының кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес, Қазақстан аумағында орналасқан ЖОО-мен екі жақты қарым-қатынас орнату мақсатында, мектебімізге Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық Қорғау Академиясының Жас құтқарушысы Умбетали Еркебұлан келіп, 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.      Кездесу барысында, өз мамандықтарын   таңдау форматы туралы, тестілеуді тапсыру ережелері, мерзімдері мен ерекшеліктері жөнінде ақпарат берілді. Осындай шаралардың өткізілуі түлектер үшін өте
“ҰБТ-ҒА ТИІМДІ ДАЙЫНДАЛАМЫЗ!" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
13
наурыз
2025
“ҰБТ-ҒА ТИІМДІ ДАЙЫНДАЛАМЫЗ!" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
    Мектебіміздің педагог-психологы Гүлмира Жұмахметова 11-сынып оқушыларына “ҰБТ-ға тиімді дайындаламыз!” атты тренингін жүргізді.           Мақсаты, ҰБТ-ға  дайындалу барысында оқушыларда болып жатқан қиындықтарды анықтау, қобалжуды басуға кеңес беру.      Тренинг барысында оқушыларға  дайындықтың тиімді тәсілдері көрсетілді, қобалжуды басуға арналған ойындар және тыныс алу  жаттығулары жүргізілді. Оқушылар өздеріне түсініксіз болып жатқан тұстарын сұрап, өз ойларын ашық білдіріп, пікір
Әскери- техникалық мектеп
13
наурыз
2025
Әскери- техникалық мектеп
Қорғаныс министрлігі қоғамның Отан қорғаушы болуға ұмтылатын жоғары патриоттық азаматтарын тәрбиелеу, Қарулы Күштерінің офицерлері мен сержанттарын даярлау мақсатында әскери оқу орындарында білім алу үшін еліміздің жастарын шақырады.