Материалы за 18.03.2025 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ -  ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ"
18
наурыз
2025
"БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ"
      Бастауыш сыныптары бойынша ата-аналарды педогогикалық қолдау орталығының «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы» тақырыбында  кезекті отырысы болып өтті.  Отырыста: 1.Дене  дайындығы: төтенше жағдайларда организмді қорғау дағдылары мен қабілеттері;  2.Эмоциялық дайындық: қорқыныш пен үрейді жеңу тәсілдері;  3.Танымдық әзірлік: қауіпсіздік саласындағы білімді және қорғау әдістерін меңгеру;  4.Әлеуметтік дайындық: қиын  жағдайдағы баланың коммуникациялық дағдыларын дамыту
"АЙБЫН - 2025"
18
наурыз
2025
"АЙБЫН - 2025"
     Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының қолдауымен және “Жас сарбаз” РҚБ Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен “Айбын-2025” Халықаралық әскери - патриоттық жасөспірімдер жиынының Шымкент қалалық іріктеу кезеңі өткізілді.             Еңбекші ауданы бойынша сайысқа қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің "Жас сарбаз" сыныбы жүлделі 1-орынды иеленіп, Қалалық кезеңге жолдама алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
"ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ"
18
наурыз
2025
"ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ"
     5 "Ә" сынып жетешісі Мусаева Ақмарал оқушыларымен "Қауіпсіз қоғам"," Темір жол өтпелерінен жүріп өту", "Қала сыртындағы жолдардағы қауіпсіздік" тақырыптарында сынып сағатын өткізді.      Мақсаты: теміржол – қауіпті аймаққа жататындығы туралы түсінік беру. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
18
наурыз
2025
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6"Б" сынып жетекшісі А.Турешова оқушыларымен Пауло Куэльоның жасөспірім садақшы Тецуя туралы "Садақшы" атты кітабын оқып, талдау жасады.      Мақсаты: оқушыларды балаларға арналған шетел шығармаларымен таныстыру және қызықтыру.   
17 - НАУРЫЗ "МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ - ДӘСТҮРЛЕР КҮНІ"
18
наурыз
2025
17 - НАУРЫЗ "МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ - ДӘСТҮРЛЕР КҮНІ"
    Мектебіміздің мұғалімдері Г.А.Коккузова мен М.А.Қосыбаевалар “Наурызнама күндері” бойынша 17 - Наурыз "Мәдениет және ұлттық салт - дәстүрлер күні” тақырыбында іс-шара өткізді.     Мақсаты: мәдениетті, өнерді және ұлттық салт - дәстүрлерді кеңінен насихаттау. Еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатқан ұлттық салт - дәстүрлерді одан әрі жандандыру.        Шара барысында “Тұсау кесу” дәстүрінде Айшуақ есімді балапанның тұсауы кесіліп, әже мен ананың ақ тілектері, ақ ниеттері айтылды. 3 “Б” сынып
"НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ"
18
наурыз
2025
"НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ"
    Наурыз - көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбиелейтін ұлттық мейрамымыз. Осы  орайда 4«Ә» сынып жетекшісі Орынбаева Лаззат Наурыз мерекесіне орай «Наурыз-жыл басы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.      Тәрбие сағатының мақсаты: қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру, ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу, ұйымшылдылыққа, өнерге баулу.