"АНА - ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
Бастауыш сынып мұғалімі Д.Н.Сайдбек 1"В" сынып оқышыларымен "Ана - өмірдің шуағы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өлең шумақтары мен нақыл сөздер айтып, ән шырқады. Аналарына арнап ашықхаттар жасап, өз алғыстарын білдірді.