“Pisa сынағын жеңіл тапсырамыз!“ тренингі
Мектеп психологы Гүлмира Жұмахметова 15 жастағы оқушыларға “Pisa сыныған жеңіл тапсырамыз!“ атты психологиялық тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың тестке дайындық барысындағы қобалжуды басу және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Оқушыларға жалпы Pisa туралы түсінік берілді, содан соң оқушы бойындағы қобалжуды түсіруге жаттығу жүргізілді және есте сақтаудың тиімді тәсілдері айтылды. Оқушылар тренингке қызығушылықпен қатысып, ойларымен бөлісе білді.