Материалы за Ақпан 2025 года » Страница 4 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ақпан 2025 года » Страница 4
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН" АТТЫ ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
15
ақпан
2025
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ БАТЫЛ ҚОРҒАУШЫСЫМЫН" АТТЫ ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС
      Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты мектептер арасында Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында «Мен өз отанымның батыл қорғаушысымын» тақырыбында әскери-патриоттық сайыс өтті.        №137 жалпы орта білім беретін мектеп базасында өткен әскери - патриоттық сайысқа 9-11 сынып жас сарбаздары қатысып, бақ сынасты.      Әскери патриоттық сайысқа Ауған шекарасында ерлік көрсеткен ардагерлер төрелік етті.      Тартысты сайыс нәтижесінде №68 жалпы орта білім
"ОТБАСЫМЕН ҚОСЫЛЫП КІТАП ОҚУ" КҮНІ «МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ»
14
ақпан
2025
"ОТБАСЫМЕН ҚОСЫЛЫП КІТАП ОҚУ" КҮНІ «МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ»
     "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында «Отбасымен кітап оқу» күні «Менің сүйікті кітабым» акциясы бойынша, мектебіміздің отбасылық ұстаздары отбасымен кітап оқыды.       Мақсаты, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, кітапқа, сөзге ұқыпты қарау, бірлескен шығармашылық арқылы  отбасын нығайту, кітап арқылы елжандылыққа және өз өлкесінің дәстүрлері және тарихына құрметпен қарауға тарту.
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
14
ақпан
2025
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
      «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» айлық жоспарына сәйкес, 14.02.2025ж. күні оқушыларға құқықтық профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Суық қаруға жол жоқ» тақырыбында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚБ ЮПБ мектеп инспекторы полиция майоры Примбетов Жандос Тастанбекович және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен суық қару немесе басқада бөгде заттарға жүргізілетін мектепішілік бақылау РЕЙД өткізілді.       Мақсаты: оқушылардың құқын қорғау, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жолын кесу болдырмау,
«ҚЫЗ ИНАБАТТЫЛЫҒЫМЕН ӘДЕМІ» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
14
ақпан
2025
«ҚЫЗ ИНАБАТТЫЛЫҒЫМЕН ӘДЕМІ» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
     10 "А" сынып жетекшісі Сагинбекова Гульназ Пайзллаевна оқушыларымен "Қыз инабаттылығымен әдемі" тақырыбында сынып сағатын өткізді.      Мақсаты: оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке тәрбиелеу.
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНА - 180 ЖЫЛ!
14
ақпан
2025
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНА - 180 ЖЫЛ!
    "АБАЙДЫ БІРГЕ ОҚИМЫЗ!" жобасы аясында, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.С.Абдуллаева 11"В" сынып оқушыларымен, ұстаз, ақын, ағартушы,  қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының 180ж. мерейтойына орай, М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясының 1 том, 1, 2, 3  тарауларын сынып оқушыларына оқып, Абайдың өмірі, үміті, арманы, айтысы, тартысы, халқына еткен еңбегі жайында терең түсіндіріп, постер жасады.     Сабақтың мақсаты: "Абай
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
14
ақпан
2025
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
      Мектебіміздің «Қыз Жібек» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 5, 6, 7 сынып қыздарына жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Қыз Жібек» қыздар ұйымының төрайымы М.А.Қосыбаева және ДТІЖО М.П.Альменова сөз алып қыздармен  тәрбиелік мәні зор әңгіме жүргізді, О.Салмуратова қыздарды сыпайылыққа, мейірімділікке тәрбиелейтін баяндама оқыды.        Мақсаты: ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре білген әдепті, инабатты, ата-баба дәстүрін білетін, иманды қазақ қыздарын қалыптастыру.  
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН" АТТЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
13
ақпан
2025
"МЕН ӨЗ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН" АТТЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
       Шымкент қаласы «Әдістемелік орталығының» 6 ақпан күнгі №211 хатына сәйкес 4 қаңтардағы Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің №4/14417-002/64 №107/1 хатының негізінде, «Қазақстан Республикасының ҚК позитивті имиджін насихаттау, Армиядағы қызметке жасөспірімдерді дайындау, шақыруға дейінгі жастарды әскери – патриоттыққа тәрбиелеу және әскери – патриоттық клубтардың қызметін үйлестіру» бойынша, 2024 – 2025 жылға арналған бірлескен іс – шаралар жоспары бойынша Еңбекші
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
13
ақпан
2025
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Оқуға құштар» жобасы аясында 5 "Ә" сынып жетекшісі Мусаева Ақмарал оқушыларымен Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін оқыды. Шара барысында оқушылар өздерінің оқыған өлеңдерімен қара сөздерін талқылады.  Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, біз әрқашан мақтан тұтатын тарихи тұлға. Ұрпаққа үлгі болған ұлы тұлғаның мұрасын дәріптеу - бізге міндет. Мақсаты: қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, Абай Құнанбаевтың мол мұрасын оқушыларға насихаттау.
"ОНЛАЙН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІК"
13
ақпан
2025
"ОНЛАЙН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІК"
      10«Ә» сынып жетекшісі Г.Құдиярова оқушыларымен «Онлайн ойындарының қауіптілігі және интернетке тәуелділік» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға интернетке тәуелділіктің психологиялық, әлеуметтік және физикалық әсерлерін түсіндіру. 
"ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ" АТТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
13
ақпан
2025
"ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ" АТТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
     Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының 2025 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес №68 жалпы орта білім беретін мектебінің МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ұйымдастыруымен «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» атты қамқорлық жәрмеңкесі өткізілді. Өзін-өзі басқару фракция мүшелері белсене ат салысты.