Материалы за Ақпан 2025 года » Страница 3 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ақпан 2025 года » Страница 3
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
21
ақпан
2025
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мұғалім-логопед Сагинбекова Ғазиза 8 "Г" сынып оқушыларымен М.Твеннің "Том Сойердің басынан кешкендері" шығармасына талдау жасады.     Мақсаты: оқушыларды балаларға арналған шетел шығармаларымен таныстыру және қызықтыру.
"КӨҢІЛ КҮЙДІ КҮЙЗЕЛІСКЕ ЖЕҢДІРМЕ!"
21
ақпан
2025
"КӨҢІЛ КҮЙДІ КҮЙЗЕЛІСКЕ ЖЕҢДІРМЕ!"
     Ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша 10-сынып жетекшілері мен Г.Сагинбекова "Көңіл күйді күйзеліске жеңдірме!", "Ата-ананың эмоционалды күйреуі, оны қалай болдырмауға және жеңуге болады?" тақырыптарында пікір алмасу кешін өткізді.      Мақсаты: жасөспірім балалардың ата-аналарының эмоционалды сарқылуының алдын алу, күйзеліс жағдайында физикалық және психикалық күш-жігерді қалпына келтіру үшін сыртқы және ішкі ресурстарды белсендіру жолдарын үйрету, шаршау белгілері және оның алдын алу
"ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ"
20
ақпан
2025
"ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ"
     9"В" сынып сынып жетекшісі А.Е.Тюльтебаева оқушыларына "Имандылық - адамгершілік пен ізгіліктің негізі" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.      Мақсаты: оқушыларға қауіпсіз қоғам ұғымын түсіндіру, имандылық, адамгершілік, ізгілік ұғымдарының маңызын ашу, қоғамдағы қауіпсіздік пен ізгілік қағидаларын күнделікті өмірде қолдануға баулу, оқушыларға құқықтары мен міндеттеріне түсінік беру.
"ҚЫЗ ҚЫЛЫҒЫМЕН СҮЙКІМДІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
20
ақпан
2025
"ҚЫЗ ҚЫЛЫҒЫМЕН СҮЙКІМДІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
      «Қыз Жібек» қыздар ұйымының төрайымы М.А.Қосыбаева, ДТІЖО М.П.Альменова және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 8, 9, 10, 11 сынып оқушы қыздарына «Қыз қылығымен сүйкімді» тақырыбында жиналыс өткізді.         Мақсаты: ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре білген әдепті, инабатты, ата-баба дәстүрін білетін, иманды қазақ қыздарын қалыптастыру. Мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау.        Жиналыс барысында «Қыз Жібек» қыздар ұйымының төрайымы М.А.Қосыбаева және ДТІЖО М.П.Альменова сөз алып
ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНЕ ШОЛУ
20
ақпан
2025
ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНЕ ШОЛУ
      "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6«Ә» сынып жетекшісі Жунисова Жанар Масакбаевна оқушылардың Әлем әдебиетіне құштарлығын ояту үшін "Харри Потер және оның басынан кешкендері" атты кітапты оқып, өзара талдады.        Мақсаты: әлемдік әдебиеттің аса үздік үлгілерінен дәріс беру, әлем әдебиетінің тарихи-әдеби дәуірлерін, шешендік өнер тарихи және философиялық проза талаптарына сай келетін құндылықтарын таныту. Әлем әдебиетінің классикалық үлгілері, танымал шетел ақын - жазушыларының үздік
«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР- БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
19
ақпан
2025
«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР- БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА
      Балаларды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың рөлін айқындау, пән сабақтарына енгізу, ұлттық салт-дәстүрлерді, мәдени мұраны, әдеп-ғұрыптарды қазіргі заманғы тәрбие жүйесіне қолдану, ұрпақ бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында мектеп қабырғасында «Ұлттық құндылықтар-бала тәрбиесінің қайнар көзі» тақырыбында ауданаралық әдістемелік-тәжірибелік семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Үш кезеңнен тұратын бағдарлама ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған үйірме
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНА 180 ЖЫЛ
19
ақпан
2025
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНА 180 ЖЫЛ
     Ұлы Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жунисова Жанар Масақбайқызы "Абай оқулары" тақырыбында іс-шара өткізді.       Шараның мақсаты:  Абайдың шығармашылығын насихаттау. Сонымен қатар, Абай дүниесіне балалардың ойын терең үңілтіп, түсіндіріп, адал азамат тәрбиелеуге бағыттау. Балалардың бойына рухани құндылықтарды сіңіруге ықпал ету. Жас буынды өз елін, жерін сүйетін, өзін сыйлайтын, халқын сыйлайтын, елге пайдасы тиетін азат қылып
"КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА" АКЦИЯСЫ
17
ақпан
2025
"КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА" АКЦИЯСЫ
     Мектебімізде 14-ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы ұйымдастырылды.        Мақсаты, мектеп кітапханасы қорын заманауи басылымдармен толықтыру. Мектеп, ата-ана, оқушымен бірлесе отырып, оқушыларды рухани адамгершілікке баулу. Ақын - жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту. 
"АУЫЛДАН ШЫҚҚАН МИЛЛИОНЕР"
17
ақпан
2025
"АУЫЛДАН ШЫҚҚАН МИЛЛИОНЕР"
  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5«Б» сынып жетекшісі А.Қалмұратова Сауле Досжанның "Ауылдан шыққан миллионер" атты шығармасын оқып, талдады.    Сабақтың мақсаты, оқушыларға еңбекқорлықтың, табандылықтың және білімнің маңыздылығын көрсете отырып, ауылдан шыққан қарапайым адамның қалай миллионерге айналғанын баяндау, жастарды армандай білуге, алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін талмай еңбектенуге ынталандыру. 
"ҚЫЗДАРЫМЫЗ ИБАЛЫ БОЛСА,  ҰРПАҒЫМЫЗ ИМАНДЫ БОЛАДЫ" АТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17
ақпан
2025
"ҚЫЗДАРЫМЫЗ ИБАЛЫ БОЛСА, ҰРПАҒЫМЫЗ ИМАНДЫ БОЛАДЫ" АТТЫ ІС-ШАРА
    6«Д» сынып жетекшісі А.К.Мамытова оқушыларымен «Қыздарымыз ибалы болса, ұрпағымыз иманды болады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.           Мақсаты: білім алушы аруларымыздың бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. Ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, иманды да инабатты қыздардың бейнесін қалыптастыру.      Іс-шара барысында қыздарымыз ибалы болса, ұрпағымыз