Материалы за 14.02.2025 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ОТБАСЫМЕН ҚОСЫЛЫП КІТАП ОҚУ" КҮНІ «МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ»
14
ақпан
2025
"ОТБАСЫМЕН ҚОСЫЛЫП КІТАП ОҚУ" КҮНІ «МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ»
     "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында «Отбасымен кітап оқу» күні «Менің сүйікті кітабым» акциясы бойынша, мектебіміздің отбасылық ұстаздары отбасымен кітап оқыды.       Мақсаты, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, кітапқа, сөзге ұқыпты қарау, бірлескен шығармашылық арқылы  отбасын нығайту, кітап арқылы елжандылыққа және өз өлкесінің дәстүрлері және тарихына құрметпен қарауға тарту.
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
14
ақпан
2025
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
      «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» айлық жоспарына сәйкес, 14.02.2025ж. күні оқушыларға құқықтық профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Суық қаруға жол жоқ» тақырыбында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚБ ЮПБ мектеп инспекторы полиция майоры Примбетов Жандос Тастанбекович және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен суық қару немесе басқада бөгде заттарға жүргізілетін мектепішілік бақылау РЕЙД өткізілді.       Мақсаты: оқушылардың құқын қорғау, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жолын кесу болдырмау,
«ҚЫЗ ИНАБАТТЫЛЫҒЫМЕН ӘДЕМІ» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
14
ақпан
2025
«ҚЫЗ ИНАБАТТЫЛЫҒЫМЕН ӘДЕМІ» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
     10 "А" сынып жетекшісі Сагинбекова Гульназ Пайзллаевна оқушыларымен "Қыз инабаттылығымен әдемі" тақырыбында сынып сағатын өткізді.      Мақсаты: оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке тәрбиелеу.
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНА - 180 ЖЫЛ!
14
ақпан
2025
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНА - 180 ЖЫЛ!
    "АБАЙДЫ БІРГЕ ОҚИМЫЗ!" жобасы аясында, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.С.Абдуллаева 11"В" сынып оқушыларымен, ұстаз, ақын, ағартушы,  қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының 180ж. мерейтойына орай, М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясының 1 том, 1, 2, 3  тарауларын сынып оқушыларына оқып, Абайдың өмірі, үміті, арманы, айтысы, тартысы, халқына еткен еңбегі жайында терең түсіндіріп, постер жасады.     Сабақтың мақсаты: "Абай
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
14
ақпан
2025
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
      Мектебіміздің «Қыз Жібек» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 5, 6, 7 сынып қыздарына жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Қыз Жібек» қыздар ұйымының төрайымы М.А.Қосыбаева және ДТІЖО М.П.Альменова сөз алып қыздармен  тәрбиелік мәні зор әңгіме жүргізді, О.Салмуратова қыздарды сыпайылыққа, мейірімділікке тәрбиелейтін баяндама оқыды.        Мақсаты: ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре білген әдепті, инабатты, ата-баба дәстүрін білетін, иманды қазақ қыздарын қалыптастыру.