“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
«Оқуға құштар» жобасы аясында 5 "Ә" сынып жетекшісі Мусаева Ақмарал оқушыларымен Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін оқыды. Шара барысында оқушылар өздерінің оқыған өлеңдерімен қара сөздерін талқылады. Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, біз әрқашан мақтан тұтатын тарихи тұлға. Ұрпаққа үлгі болған ұлы тұлғаның мұрасын дәріптеу - бізге міндет. Мақсаты: қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, Абай Құнанбаевтың мол мұрасын оқушыларға насихаттау.