Материалы за 12.02.2025 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ҚЫЗДЫ ҚЫМТАП ҰСТАҒАН ҰЯТҚА ҚАЛМАЙДЫ" АТТЫ ҚЫЗДАР ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
12
ақпан
2025
"ҚЫЗДЫ ҚЫМТАП ҰСТАҒАН ҰЯТҚА ҚАЛМАЙДЫ" АТТЫ ҚЫЗДАР ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
     9"В" сынып жетекшісі А.Е.Тюльтебаева оқушы қыздарымен «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» тақырыбында қыздар отырысын өткізді.      Мақсаты: «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасау, жалпы бала тәрбиесіне ата-бабаларымыздың соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлгені туралы түсіндірме жұмысын жасау.     Осы ретте, қыздар да өз ойларын ортаға салып, өздеріне қажетті сұрақтарына жауап алды. 
«ӘР БАЛА БІР ЖҰЛДЫЗ, ЖАРҚЫРАУҒА ЖӘРДЕМ ЕТ» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТТІ
12
ақпан
2025
«ӘР БАЛА БІР ЖҰЛДЫЗ, ЖАРҚЫРАУҒА ЖӘРДЕМ ЕТ» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТТІ
     3 “В” сынып жетекшісі Р.Байшымырова оқушыларымен “Әр бала- бір жұлдыз, жарқырауға жәрдем ет“ тақырыбында сынып сағатын өткізді.       Мақсаты: жан-жақты жетілген, білімдіде тәрбиелі, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеп, ата-ана аманатын жалғастыратын толыққанды азамат тәрбиелеу, жас ұрпақты өз ойын жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу. 
"ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛАЙЫҚ!" АТТЫ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛУДЕ
12
ақпан
2025
"ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛАЙЫҚ!" АТТЫ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛУДЕ
      Шымкент қаласы білім басқармасының "Әдістемелік орталығы" КММ-нің 10.02.2025 күнгі №241 хатына сәйкес, №68 жалпы орта білім беретін мектебінде, ағымдағы жылдың 10-14 ақпан күндері аралығында «Шын жүректен кітап сыйлайық!» атты челлендж өткізілуде.       Челлендждің мақсаты: балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін насихаттау, жастарды кітап оқу мен білім алуға ынталандыру, кітап пен білімнің маңыздылығын көрсету.
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЕСІМДЕРІ-2024»
12
ақпан
2025
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЕСІМДЕРІ-2024»
      5 «В» сынып оқушылары Туребаев Бақтөре мен Спандияр Бикелді дарынды балаларды қолдау мақсатында жарық көрген «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЕСІМДЕРІ» республикалық энциклопедиясына еніп, арнайы дипломмен марапатталып, сертификат иеленді. Оқушыларымызды шын  жүректен  құттықтаймыз!!        "Жаңа Қазақстанның жаңа есімдері" республикалық энциклопедиясы еліміздің білім беру ұйымдарында дарындылығымен ортасында топ жарған, жеке ізденісімен ерекшеленіп, білімге құштарлығымен көзге түскен, аудандық,
Шымкент қаласында брифинг өткізілді.
12
ақпан
2025
Шымкент қаласында брифинг өткізілді.
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің білім, мәдениет саласы бойынша орынбасары Сәрсен Абайұлы мен білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Рыскелді Әліштің, сондай-ақ қалалық білім басқармасының басшысы міндетін уақытша орындаушы Г.Дарібаева мен мәдениет саласының басқарма басшысы Бауыржан мырзалардың қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында білім саласындағы көптеген мәселелер қозғалып, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берілді.
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
12
ақпан
2025
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде «Заң және тәртіп» айлық жоспарына сәйкес құқық қорғау мекеме мамандары Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры Бакиров Амир, Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚБ ЮПБ мектеп инспекторы полиция майоры Примбетов Жандос Тастанбекович және ДТІЖО Ж.А.Альжановтар білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Менің құқығым, менің міндеттерім» тақырыбында Құқықтық сағатын өткізді.     Құқықтық