Материалы за 07.02.2025 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
“ЕМТИХАНҒА ОҢАЙ ДАЙЫНДАЛ" ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС
07
ақпан
2025
“ЕМТИХАНҒА ОҢАЙ ДАЙЫНДАЛ" ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС
      Мектеп психологы Гүлмира Жұмахметова PISA TIMSS ББМЖ дайындығы кезінде 15-жастағы оқушылардың бойындағы қобалжудан арылу, өзін-өзі реттеуін, өзін бағалау, сенімділігін арттыруын жүзеге асыру, қолдау көрсету мақсатында психологиялық кеңес жүргізді.      Кеңес беру барысында оқушыларға “Емтиханға қалай жеңіл дайындалуға болады?”, “ Үлкен мәліметті қалай есте сақтауға болады?” тақырыптары бойынша түсіндірді. Оқушылар мұқият тыңдап, өздеріне қажет мәліметті алуға тырысты.
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛДІ
07
ақпан
2025
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛДІ
     "АБАЙДЫ БІРГЕ ОҚИМЫЗ" жобасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.С.Бегимбетова 5-8 сынып оқушыларымен қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ақын, ұстаз, философ, сазгер, аудармашы Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне челлендж өткізді.      Мақсаты: ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау, білімге үйрету, сөздік қорларын молайту, патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу, азаматтық белсенділігін арттыру.
"ЕРЛІК - ҰРПАҚ ҰРАНЫ" АТТЫ ӘСКЕРИ -  ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
07
ақпан
2025
"ЕРЛІК - ҰРПАҚ ҰРАНЫ" АТТЫ ӘСКЕРИ - ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
 Тәжік - ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында, Шымкент қаласының Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ерлік - ұрпақ ұраны»  тақырыбында әскери - патриоттық сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан №68  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары жүлделі I-ОРЫН иеленіп КУБОКпен марапатталса, жетекшісі Иманқұлов Асанбай Тәтішұлы белсенділік танытқаны үшін дипломмен марапатталды. ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! 
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
07
ақпан
2025
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 8"Д"сынып жетекшісі Өмірбаева Айгул   Абдуллақызы оқушыларымен Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" атты шығармасын оқып, өзара талдады.       Мақсаты: оқушыларға білім алудың  маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, еңбекқорлық, төзімділік, сабырлық қасиеттері туралы түсінік беріп,  білімді болуға, табандылыққа, еңбекқорлыққа, төзімділікке, қанағатшылдыққа  тәрбиелеу.
«КҮЙЗЕЛІС ЖӘНЕ ОДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ», «ЛУДОМАНИЯ», «БУЛЛИНГ» ТАҚЫРЫПТАРЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
07
ақпан
2025
«КҮЙЗЕЛІС ЖӘНЕ ОДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ», «ЛУДОМАНИЯ», «БУЛЛИНГ»
    «ЗАҢ  ЖӘНЕ  ТӘРТІП» атты айлық іс-шара жоспарына сәйкес, мектебімізге Шымкент қалалық №5 емхана психолог-дәрігері С.Күнтуғанова келіп, 8-11 сынып оқушыларына кәмелетке толмағандардың арасында аутодеструктивті, девиантты мінез-құлықты, алкоголизм және  наркоманияның алдын алу бойынша,   «Күйзеліс (стресс) және одан арылу жолдары», «Жастар арасында зорлық - зомбылық, суицидтің алдын алу»,  «Лудомания», «Буллинг» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оның себептері, көріністері мен
"КӨКТЕМ - 2025" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ
07
ақпан
2025
"КӨКТЕМ - 2025" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ
    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу жөніндегі 2025 жылғы 9 қаңтардағы №04-02-02/67-И ұйымдастырушылық нұсқауы, Шымкент қаласы әкімі Ғ.Сыздықбеков бекіткен Шымкент қаласы бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқаулығы және Шымкент қаласынң білім басқармасының 2025 жылғы 04 ақпандағы №10-10-01/725 хаты