"Айбынды жастар - Тәуелсіздік тірегі" » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» » "Айбынды жастар - Тәуелсіздік тірегі"
02
февраль
2023

"Айбынды жастар - Тәуелсіздік тірегі"

    Управления образованияның Әдістемелік орталығының және Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 2022 жылғы 17 январьдағы №109 шығыс хатына сәйкес "Біртұтас ұлт - біртұтас әскер" жастарды әскери - патриоттық тәрбиелеу мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Общеобразовательная школа №68нде "Айбынды жастар - Тәуелсіздік тірегі" тақырыбында "Тірек" мектепке қарасты мектеп мұғалімдеріне семинар және ата-аналарға ашық есік күні ұйымдастырылды. Семинарға Тәжік-Ауған соғыс ардагерлері мен ата-аналар шақырылды. 
   Мектеп көрмесін таныстырумен басталған іс-шара «Өзі де, жүріп өткен өмір жолы да өзгелерге үлгі - Бақытжан Ертаев - «Халық қаһарманы»» атты дөңгелек үстел,«Ерлікке тағзым» атты Тәжік-Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу, «Көңілді старт» әскери-эстафеталық сайыстармен жалғасын тапты. Сонымен қатар, қазақ тілі, алгебра, ағылшын тілі пәндері сабақтарына еліміздің, ұлтымыздың батырларының ерліктерін насихаттайтын кіріктірілген ерлік сабақтары жоғары деңгейде өтті. 
    Өткізілген іс-шараларға, «Ерлік сабақтарына» мектебіміздің «Жас сарбаз», «Жас құтқарушылар», «Smart сарбаз» сыныптары белсене атсалысты.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив