Материалы за Январь 2024 года » Страница 3 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Январь 2024 года » Страница 3
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
23
январь
2024
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА "English as a global language" атты ағылшын тілі апталығы аясында, ағылшын тілі пәні мұғалімі Мусаева Ақмарал Зиябекқызы 5 "Д" сынып оқушыларымен "Music" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты, оқушылардың музыкалық аспаптардың атауын білуге ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын молайту.  Сабақ барысында көптеген әдіс-тәсілдер қолданылып, ағылшын тілі пәні  ұлттық нақышпен байланыстырылған сабақ болды.  Оқушылар домбыраның әсем үнін тыңдап, сабаққа
"ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ
23
январь
2024
"ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ
"ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ Көркем еңбек пәні мұғалімдері А.Қуатова мен Л.Айнаходжаеваның ұйымдастыруымен «Қыс қызығы» атты сурет байқауы өткізілді. Мақсаты, оқушылар арасында бейнелеу өнерін дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шеберліктерін шыңдау, эстетикалық талғамдарын дамытып, табиғатты сүюге баулу.  Байқау барысында жеңіске жеткен оқушылар дипломдармен және алғыс хаттармен  марапатталды.
"АТАДАН ҰЛ ТУСА ИГІ, АТА ЖОЛЫН ҚУСА ИГІ"
23
январь
2024
"АТАДАН ҰЛ ТУСА ИГІ, АТА ЖОЛЫН ҚУСА ИГІ"
"АТАДАН ҰЛ ТУСА ИГІ, АТА ЖОЛЫН ҚУСА ИГІ"  Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Общеобразовательная школа №68нде ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ДӘРІПТЕУ мақсатында, "АТАДАН ҰЛ ТУСА ИГІ, АТА ЖОЛЫН ҚУСА ИГІ"  айдарымен өнер адамдарымен кездесу өткізілді.  Қонаққа: 1) Ақын, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының мүшесі «Қызық жұрт» жыр жинағының авторы, Батырбек Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп интернатының айтыс пән мұғалімі Анарбаев Бекмұрат Сапарханұлы; 
"БОЛАШАҒЫҢ КӨКЖИЕКТЕН ЖОҒАРЫ!"
23
январь
2024
"БОЛАШАҒЫҢ КӨКЖИЕКТЕН ЖОҒАРЫ!"
"БОЛАШАҒЫҢ КӨКЖИЕКТЕН ЖОҒАРЫ!" "Білімге құштар мектеп" таным арттыру клубының жоспарына сәйкес, мектебіміздің мұғалімдері Ғ.Даулбаев және Н.Оразымбеттің ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар сағатын өткізді. Пәндер комбинациясы бойынша мамандықтар тізімі мен шекті балы және грант санымен ақпараттық таныстыру жүргізілді. Былтырғы жылды мысалға ала отырып әр салаға жеке тоқталды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығын
"Жасөспірімдер және ересектер"
23
январь
2024
"Жасөспірімдер және ересектер"
Мектебіміздің 3 "б" сынып оқушысы Сайловбек Нұрдаулет  "Жасөспірімдер және ересектер" арасында өткен ашық чемпионатта 1-орын иеленгені үшін дипломмен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!
"Өркен" спорт клубы
23
январь
2024
"Өркен" спорт клубы
"Өркен" спорт клубының ашық турнирінде, қазақ күресінен, 2011-2013 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында, 46 кг салмақта, өткізілген сайысқа қатысқан Общеобразовательная школа №68нің 6 “Ғ” сынып оқушысы Ермекбай Еркебулан І ОРЫН алганы ушін дипломмен марапатталды. Алдағы уақытта тек қана жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!
"English as a global language"
23
январь
2024
"English as a global language"
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ  Ағылшын апталығы аясында, "English as a global language" тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Ергешев Асан Жаксиликович 4 "В"  сынып оқушыларына  ашық сабақ өткізді. Мақсаты, ауа-райы және жыл мезгілдері туралы сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын молайту. Сыни тұрғыдан ойлану арқылы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың есте сақтау, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
22
январь
2024
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, "Бір ел - бір кітап" атты Республикалық акция жоспарына сәйкес кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева мен тарих пәні мұғалімі Ж.Даулетова 9-10 сынып оқушыларына жазушы әрі балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толу мерейтойына орай, ақынның өмір жолы мен шығармаларын таныстырды.  Шараның басты мақсаты Бердібек Соқпақбаевтің рухани құндылықтарын дәріптеу, насихаттау бағытында мектеп кітапханасында бұрыш
"БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ" ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
22
январь
2024
"БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ" ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
"БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ" ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ Тарих пәні мұғалімі М.Қ.Исашева 5-8 сынып ата-аналары арасында "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығы «Даналық мектебі» клубының «Бұлақ көрсең, көзін аш» тақырыбында жиналыс өткізді. Баланың шығармашылық қабілетін және ойлауын дамыту әдістері туралы мектеп психологы Г.А.Жұмахметова ата –аналарға бірнеше кеңестер ұсынды. Мақсаты: жанұяны бақытты мекенге айналдыруға үндеу, ұлттық құндылықтарымызды отбасы тәрбиесінде дамытуға ықпал ету.
АТА—АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
22
январь
2024
АТА—АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
АТА—АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ   ДТІЖО М.П.Альменова 1-4 сынып ата-аналарымен "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығы жоспарына сай «Баланы жастан... Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?» тақырыбында семинар өткізді. Мектеп психологы Г.А.Жұмахметова «Көңілді серуен» жұмысын жүргізу арқылы ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлай алды. Мақсаты: ұлттық құндылықтарымызды (сыйластық, мейірімділік, ұйымшылдық, салт-дәстүрді құрметтеу) отбасы тәрбиесінде дамытуға